Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер кезекші тәулікте ұрланған мопедті иесіне қайтарды

Қызылордалық полицейлер кезекші тәулікте ұрланған мопедті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 шілде күні таңғы сағат 04:30 шамасында болған ұрлық дерегі бойынша Қызылорда қалалық ПБ Ақсай полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, үйінің ауласында тұрған Alfa үлгісіндегі мопедін белгісіз тұлғалар ұрлап кеткен.

Келтірілген шығын 800 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде кезекші тәулікте 28 жастағы күдікті қала аумағында мопедпен жүрген жерінен ұсталды. Ұсталған күдікті басқармаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру