Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысын ашты
Қорадан қой ұрлаған ер адам қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны үй ауласындағы мал қорасының ішінен бір бас қойының ұрланғаны жөнінде полицияға арызданды.
Оқиға орнына дереу Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары барысында бұрын сотты болған Қызылорда қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды.
Бұдан бөлек, тексеру барысында күдіктінің Сырдария ауданында да мал ұрлығымен айналысқандығы белгілі болды. Күдікті полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.