Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысының бетін ашты

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы тұрғынының үй ауласынан 3 қой ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түскен. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде сол ауданның 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-тармағымен ал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Видео осы жерде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру