Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер өрт шыққан пәтерден тұрғындарды аман алып шықты

Қызылордалық полицейлер өрт шыққан пәтерден тұрғындарды аман алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 22 сәуір күні қала орталығында орналасқан көпқабатты Шұғыла мөлтек ауданы №17 үйдің екінші қабатындағы 58 пәтерден өрт шықты деген хабарлама келіп түскен.

Сыр сақшылары өз кезегінде оқиға орнына дереу жетіп, қызыл жалын шарпыған үйден тұрғындарды құтқарып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Төтенше жағдай қызметіне дереу хабар берген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мұрат Қазбеков пен Сұлтан Күздикенов тұрғындарды құтқаруға шұғыл кірісті.

Қою түтін арасынан жол тапқан сақшылар лаулаған от көрші пәтерлерге тарап кетпес үшін сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін полицейлер тұрғындарды эвакуациялады.

– Адамдарды апаттан құтқарып қалу – біздің қызметтік те, азаматтық та парызымыз. Біз сол сәтте ерлік жасайық, көзге түсейік деп ойлаған жоқпыз. Бар мақсатымыз – адамдарға көмектесу, – дейді Сұлтан Күздикенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру