Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер отбасылық байқау ұйымдастырды

Қызылордалық полицейлер отбасылық байқау ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды, тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтына қоғамның назарын аудару, халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен отбасылық байқау ұйымдастырды.

Қатысушылар нашақорлыққа қарсы үндеу жасап, өз отбасыларының атынан дұрыс жол таңдау керектігін айтып өтті. Содан кейін отбасылық флешмоб көрсетіліп, бірге есірткіге қарсы ән шырқалды. Олар бейнеұсынымдар әзірлеп, мессенджерлер арқылы облыс өңірлеріндегі сайыстық комиссияларға жолданып, содан кейін байқаудың үздік жұмыстары сайыстың екінші кезеңіне жіберілді.

Финалдық байқауға 16 отбасы қатысты. Байқауға қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, түрлі ақпаратты пайдаланды, нашақорлық мәселесі бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Танымал әндердің әуеніне сөз жазып, есірткіге қарсы әндер орындады. Байқау комиссиясының шешімі мен қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық және облыстық, сондай-ақ номинация жеңімпаздары деп танылды.

Үздік деп танылған отбасылар: «Атамекен» балалар ауылы (Қызылорда қаласы) – I-ші орын, Кнейб (Шиелі ауданы) – II-ші және Нұрлыбековтер (Шиелі ауданы) III-ші орынды иеленді.

«Ерекше есірткіге қарсы ән орындағаны үшін» номинация иегерлері болып: «Атамекен» балалар ауылы мен Серікбаевтар (Жалағаш ауданы) отбасы аталды. Қатысушы отбасылар жеке үлгісімен бос уақытты отбасы шеңберінде қалай тиімді өткізуге болатынын көрсетті. Байқаудың барлық қатысушылары сыйлық және дипломдармен марапатталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру