Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер пәтер ұрлығын ашты

Қызылордалық полицейлер «Пәтер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер ұрлығының жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылдың 19-21 шілде күндері аралығында Қызылорда қаласының аумағында «Пәтер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері пәтер ұрлығының алдын алу бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында қалалық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен облыс орталығының тұрғынын ұстады.

Қаскүнем үй иелері болмаған кезде пластикалық терезені ашу арқылы жеке үйлерге кіріп, теледидар мен ақшаларды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 300 мың теңге шамасында.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру