Қызылордалық полицейлер пәтер ұрысын қолға түсірді
Қызылордалық полицейлер пәтер ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері жеке үйдің заттарын ұрлады деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Кезекші бөлімге 15 тамыз күні жеке меншік үйдің тұрғыны жүгініп, күндіз 12:00 – 14:00 шамасында белгісіз қылмыскер оның үйінің дәліз бөлмесінің пластик терезесін күштеп ашып, теледидар алдында тұрған «Отау тв» тюнерін, жатын бөлмесіндегі қара түсті сөмкеде тұрған кілттер жинағы және бір дана пластикке арналған өтегін ұрлап кеткен. Келтірілген залал 79 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Бірнеше рет ұрлық жасағандығы болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.