Қызылордалық полицейлер қайырымдылық акциясын өткізді
Қызылордалық полицейлер қайырымдылық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылының басталуы қарсаңында дайындықтарына өз үлесін қосты.Осыған байланысты басқарма қызметкерлері спорттық киім, аяқ киім, сөмкелер, оқуға қажетті кеңсе заттарын сатып алды.
Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерболат Тұрахметов ата-аналар мен балаларға дайындаған сыйлықтарын табыстады. Олар өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.