Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Қамқорлық» дағдарыс орталығына барды

Қызылордалық полицейлер «Қамқорлық» дағдарыс орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерілерімен 24-30 қаңтар күндері аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе, отбасындағы болған жайттар, басқалар үшін әрдайым жасырын қала береді. Соның салдарынан жәбірленуші дене жарақаты, эмоционалдық, тіпті қаржылық жағынан да зардап шегеді. Отбасының ыдырау қаупі туындайды, бұл ретте жанұяның барлық мүшелері, әсіресе, балалар үлкен қауіп-қатерге ұшырайды.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған төрт дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Полицейлер соның бірі – «Қамқорлық» дағдарыс орталығына барып, өмірдің қиын кезеңінде қалып, орталыққа орналастырылған әйел азаматшалармен кездесу ұйымдастырып, құқықтық көмек көрсетіп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру