Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қарақұйрық атқан тұрғынды ұстады

Облыс орталығы тұрғынының көлігінен қарақұйрық денесі мен аңшы мылтығы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі аудандық Полиция басқармасы ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерімен және “Охотзоопром” РМҚК өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде 18 мамырда Шиелі ауданы Телікөл ауылының “Камал” су скважинасының жанында күдік тудырған “ВАЗ” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрық жануарының денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы жұмыссыз, облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігінің бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру