Қызылордалық полицейлер "Қарасора-2020" шарасының бір айында 41 есірткі қылмысын анықтады
Қызылорда облысы көлемінде "Қарасора-2020" жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы айында 41 есірткі қылмысы тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде есірткі өсірудің 37 дерегі және есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт дерегі анықталды.
- Есірткі өсіргені үшін барлығы 32 адам ұсталса, оның 12-і қамаққа алынды. Оқиға орнынан 15 мың 275 түп сора өсімдігі жойылды, заңсыз айналымнан 21 кг. 378 гр.марихуана және екі дана атыс қаруы тәркіленді, - деп атап өтті Департамент бастығының орынбасары Серік Шалқаров.