Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер шағын футболдан турнир өткізді

Қызылордалық полицейлер шағын футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуір тергеу қызметі күніне орай Қызылорда облысының Полиция департаментінің жеке құрамы арасында шағын футболдан спорттық шара өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын жарысқа 12 команда қатысып, озық ойын үлгісін көрсетті.

Спорттық шараны Қызылорда қаласының Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров салтанатты түрде ашты. Жарыс нәтижесінде, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тергеу бөлімінен құралған команда I-ші орынға, осы басқарманың патрульдік батальоны командасы II-ші орынға және Қызылорда облысының Полиция департаменті Тергеу басқармасының командасы III-ші орынға ие болды.

Департаменттің Тергеу басқармасының бастығы Әлтай Нұрсұлтан, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Қопанов жеңімпаздарды құттықтап, марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру