Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер танысын алдаған шымкенттік әйелді ұстады

Қызылордалық полицейлер танысын алдаған шымкенттік әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 наурыз күні Арал ауданының тұрғыны танысына алданып қалған. Оның айтуынша, былтыр танысы «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-на жұмысқа тұрғызып беремін деп 1 млн теңгеден астам ақшасын алдап алған. Сол себепті Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде, 35 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

– Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментімен кешенді іс-шаралар атқаырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде. Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру