Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер – тәуелсіздіктің төл құрдастары автошеру ұйымдастырды

Қызылордалық полицейлер – тәуелсіздіктің төл құрдастары автошеру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 1991 жылы туған тәуелсіз елдің төл құрдастары Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай автошеру ұйымдастырды.

​- Кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті белгілер – мемлекеттік рәміздер. Сол себепті рухымызды аспандатар көк байрағымызды жоғары көтерген шерушілердің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату, – дейді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушысы Әбдібек Жаназаров .

– 1991 жылдың 16 желтоқсаны – тәуелсіздіктің таңы атқан күн. Мен де осы тәуелсіздіктің куәгері ретінде осы жылы дүние есігін аштым. Тәуелсіздіктің төл құрдасымын. Мен өзімді егемен елде, тәуелсіздіктің таңы арайлап атқан бақытты Қазақстанда туғаныма шексіз қуанамын. Міне, содан бері 30 жыл зырғып өте шықты. Азаттықтың арқасында біз бақытты балалық шақта өсіп, алаңсыз білім алып, шаттыққа толы студенттік өмірді көріп, қазір еш уайымсыз ашық аспан астында берекелі де мерекелі ғұмыр кешудеміз. Елбасымыз “Болашақ – жастардың қолында” деп жиі айтады, бізге үлкен сенім артады. Сол кемел келешекті жасайтындар – “Тәуелсіздік құрдастары”, – дейді тәуелсіздіктің төл құрдасы Сыздықов Ернұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру