Қызылордалық полицейлер тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсірген тұрғынды анықтады
Қызылордалық полицейлер тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсірген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында арнайы рейдтік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, 28 маусым күні өз үйінің ауласында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген 37 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп текеру әрекеттері жүргізілуде.
Жедел құрылған полицейлер тобы және Қызылорда қалалық прокуратурасының қызметкерлерімен күдіктінің ауласында өсіп тұрған 24 түп сора өсімдігі айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған түптер 6405 грамм сора өсімдігі болып шықты. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталды.