Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ҰОС ардагерлерінің жұбайлары мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барып қайтты

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ардагерлер кеңесімен бірлесіп Жеңістің 78 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай ҰОС ардагерлерінің жұбайларын, тыл еңбеккерлерін, ардагер полицейлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлері назардан тыс қалмайды. Мереке қарсаңында полиция ведомствосының өкілдері және департаменттің Ардагерлер кеңес мүшелері Жаншай Аяпова, Аманкүл Абсадироваға, Абдулла Мұхтаров, Төлеш Әлиевке барып қайтты. Ішкі істер органдары ардагерлерінің тізімінде бес тыл еңбеккері және алты ҰОС ардагерлерінің жесірлері бар.


Мерекеге орай ішкі істер саласында қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан ардагерлердің үйіне арнайы барып, мейрамдарымен құттықтап, азық-түліктер жеткізілді. Осындай беделді ардагерлер иықтарына погон тағып, құқық қорғау қызметінің ыстығына күймей, суығына тоңбай білікті мамандар саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған. Қиын қызметтің ыстығы мен суығына төзген ардагерлер жас полиция қызметкерлерін кәсіптерінің шеберліктеріне үйретіп келеді. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер департамент басшылығына, Ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді.

– Бізді елеп, ескеріп, мейрамда құттықтап келгендеріңе, өз сый-сыяпаттарыңды ала келгендеріңе алғысымыз шексіз. Ауыр қызметтеріңе тек қана табыс, өздеріңе шыдамдылық пен зор денсаулық тілейміз, – деп ардагерлер ақ баталарын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру