Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ұрыны қолға түсірді

Қызылордалық полицейлер ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған болатын. Белгілі болғандай, 1 маусым күні кешке белгісіз біреулер «Шаштараз» салонынан банкомат карточкалары мен құжаттарын, Samsung үлгісіндегі флешка және ақшасы салынған әмиянын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын есептелуде.

Ақсай полиция бөлімінің полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті ретінде 23 жастағы қала орталығының тұрғынын құрықтады. Ол толықтай өз кінәсін мойындады.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру