Қызылордалық полицейлер заңсыз ақбөкен аулаған қала тұрғынын ұстады
Қызылордалық полицейлер заңсыз ақбөкен аулаған қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасының Табиғат қорғау полиция тобының инспекторлары мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 31 тамыз күні рейд жүргізу барысында Құмкөл тас жолы 13 шақырымындағы далалық жерде Nissan Patrol автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан алты бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың өлі денесі анықталды. Күдікті ретінде бір ер адам ұсталды. Сонымен қатар оқиға орнынан алты бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың өлі денелері, бір ұңғылы, 12 калибірлі, аңшы мылтығы, 93 дана атылмаған 12 калибірлі патрон және бір дана аңшы пышағы тәркіленді.
Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.