Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты

Қызылордалық полицейлер жоғалған 13 жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 40 жастағы жасөспірімнің анасы арызданған. Қала тұрғынының айтуы бойынша, 13 жастағы қызы сағат 18:30 сабақтан шығып, үйіне оралмаған.
Келеді деген үмітпен қызының барлық достарына, оқытушыларына, туысқандарына хабарласып, мән-жәйді түсіндіріп, іздеу салады. Телефон арқылы іздеу салғандарынан нәтиже шықпағандықтан, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жоғалған жасөспірімді табуға ПБ-ның бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 13 жастағы жасөспірім 14 ақпан күндізгі уақыт 11:00 шамасында қала орталығындағы көшелердің бірінен табылды. Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімді аман-есен тауып, ата-анасына табыстады. Полицейлер табылған жасөспіріммен ата-анасына профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің дер кезінде ұйымдастырған іздестіру жұмыстарына риза болған жасөспірімнің ата-анасы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығына өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру