Қызылордалық полицейлерге тұрғындар алғыс айтуда
Қызылордалық полицейлер «ізін суытпай» Қазалы ауданы маңындағы мал жайылымынан 1 бас жылқыны ұрлап, сол жерде сойып жатқан жерінен Төретам кентінің 4 тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
2019 жылдың тамыз-қараша айларында еркін жайылымда жүрген малды ұрлаған күдіктілер мал ұрлығымен айналысып келген. Тергеу барысында олардың осы тектес мал ұрлығының 6 дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.
Оқиға орнында ұсталғандардың 2-уі әйел адам. Күдіктілер өз әрекеттерін толығымен мойындады.Оқиға орнында айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ірі мөлшерде ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ұсталғандарға «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Өз кезегінде жәбірленушілер қаскүнемдерді құрықтаған жұмыстары үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.