Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлермен заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заты алынды

Қызылордалық полицейлермен заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заты алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың үш айында Қызылорда облысының көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 30 құқық бұзушылық тіркелген, оның сегізі есірткі затын сату, біреуі – есірткіні жарнамалау дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 20 дерегі анықталған. 

Одан бөлек есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 22-26 ақпаны аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде, Қызылорда облысы аумағында 16 дәріхана, бір қойма және бес денсаулық сақтау саласындағы мекемелері тексеріліп, есірткі өткізудің үш дерегі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың сегіз дерегі анықталды.

Кешенді жүргізілген операциялардың нәтижесінде, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларына аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау деректері анықталып, заңсыз айналымнан барлығы 18 кг. 349 гр. есірткі заты марихуана тәркіленді.

Жаңақорған ауданында 1 кг.-нан аса есірткі затын сіріңке қораптарына бөлшектеп, сату мақсатында тасымалдаған кент тұрғыны құрықталды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап, ҚАЖД-не түзеу мекемелеріне есірткі заттарын жасырын өткізудің бес дерегі анықталып, жазасын өтеудегілерге есірткі заттарының жеткізілуінің жолы кесілді.

Сонымен қатар, өткен жылы ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға есірткі затын өткізудің үш дерегі бойынша Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталып, УҰА-на оқшауландырылды.

– Есірткі сату және тағы да басқа есірткі заттарына байланысты жасалып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарламаларды қабылдау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында 27-55-42 «Сенім телефоны» нөмірі жұмыс атқарады, – деп атап өтті Департамент бастығы Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру