Қызылордалық ҚАЖД қызметкерлері көшет отырғызу науқанын бастады
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелердің қызметкерлері көшет отырғызу науқанын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап «30 игі іс» акциясын қолға алған ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері көшеттерді отырғызу маусымын бастады.
Олар жасыл желек жанға сая болар деген ұстаныммен Қызылорда қаласындағы «Қарттар үйінің» ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
Мекеме қызметкерлерінің қамқорлығына ризашылығын білдірген қариялар оларға батасын берді.