Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тергеу изоляторында 19 қызметкерге ревакцинация жасалды

Қызылордалық тергеу изоляторында қайта вакцинациялау жұмысы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қазақстан Республикасында COVID- 9 коронавирустық инфекциясына қарсы халыққа ревакцинация жүргізу туралы» ҚР Бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №49 қаулысын орындау мақсатында ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамы арасында қайта вакцинациялау жұмысы жүргізілді.

– Ревакцинациялау бір дозалық, яғни бір компонентін алғаннан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасады. Қайта егу – ағзаны жаңа әрі қауіптірек штамдарды жұқтырудан қосымша қорғанысты қалыптастыруға көмектеседі, – деп түсіндірді жеке құрамға № 6 қалалық емханадан келген дәрігер терапевт маманы.

– Бүгінгі біздің мекемеден 19 қызметкерге ревакцинация жасалды. Барлығы да өзін жақсы сезінуде. Денсаулықтары бірқалыпты болғандықтан өз міндеттеріне қосылып, жұмыс күнін жалғастыруда. Жеке құрам арасында қайта вакцинациялау жұмысы бұдан әрі де жалғасын табады, – деді кадр саясат тобының аға инспекторы Д.Шахи

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру