Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тұрғын мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған

Қызылорда облысында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы 27 желтоқсан күні сағат 02:35 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 107 шақырымында Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Ланд Крузер» автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан еш құжаты жоқ, арнайы ыдысқа құйылған 500 литр мұнай өнімі табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабының 1-бөлігімен (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру