Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тұрғын полиция қызметкеріне алғысын білдірді

Қызылорда тұрғыны жоғалтып алған телефонын тауып берген погон таққан ару Фариза Примжановаға алғысын білдірді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде әр адамның азаматтық ұстанымы маңызды. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным таныту тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Мәселен, № 198 мектеп оқушысы Айлин белгісіз жағдайда телефонын жоғалтып алған. Осы жайт бойынша оқушының анасы полицияға жүгінді. Аталған дерек бойынша №10 әкімшілік аймақтың кәмелет жасқа толмаған жөніндегі инспекторы Фариза Примжарова тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде телефон табылып, заңды иесіне қайтарылды

Қала тұрғыны Қызылорда қаласы полиция басқармасының басшылығына және ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамына өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру