Қызылордалық тұрғыннан тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді
Қызылордалық тұрғыннан тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында 22 наурыз күні сағат 17:30 шамасында учаскелік полиция инспекторы Е.Бекишевтің өзіне тиесілі аумақты аралау барысында 57 жастағы күдікті азаматты тоқтатқан.Тексеру барысында ІІО-да тіркелмеген, 16 калибрлі, қос ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүргенін анықтады.
Аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігіне (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау – қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.