Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен қару табылды

Қызылордалық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 29 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында есірткі мен тапанша табылды.

Қала тұрғынының үйінен 4 сіріңке қорабына, 1 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп, 100 шағын пластик ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы және 11 оғы бар травматикалық тапанша, сондай-ақ кастет табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Сонымен қатар тәркіленген травматикалық тапаншаның атуға жарамды екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 287-бабының 2-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру