Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық жүргізуші полицейлердің нұсқауына бағынбай бірнеше көлікті соққан

Қызылордалық жүргізуші полицейлердің нұсқауына бағынбай бірнеше көлікті соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 26 қараша сағат 10:30 шамасында, Мұратбаев көшесі бойында жүргізуші Mercedes-Benz автокөлігін масаң күйде басқарып, полиция қызметкерлерінің нұсқауына бағынбай, үй ауласында тұрған Volkswagen Passat автокөлігіне және сауда үйінің тұсында іргелес жолдан келген ВАЗ-2114 автокөлігіне, қатарласып келе жатқан Opel Vectra автокөліктеріне соғып, мүліктік шығын келтірген.

Жол жүрісі ережелерін бұзып келе жатқанын анықтап, ізінен жүріп, арнайы белгі беріп тоқтатқан. Содан құқық бұзушының жолына тосқауыл қойылды. Құқық бұзушы дер кезінде ұсталып оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен (Жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс әрекет белгілері жоқ, зиян келтіруге немесе көлік құралдарын жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды, не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) дерегімен кінәлі деп танылып, 20 мерзім тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар құқық бұзушы осы баптың 613-бабының 1-бөлігімен (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) , 593-бабының 2-бөлігімен (Қауіпсіздік белдігін тақпаған), 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу), 602-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын қолдану қағидаларын бұзу), әкімшілік жауаптылыққа тартылды

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру