Қызылордалықтан қонаққа келген танысы 400 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырды
Қызылордалықтан қонаққа келген танысы 400 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 9 маусым күні қала орталығының тұрғыны арызданған. Арызда ол қонаққа келген танысы 9 маусым күні шкаф ішінде тұрған 352 мың теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Полицейлердің жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Ол ҚПБ-на жеткізіліп, «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.