Қызылордалықтан сексеуіл ағашы тәркіленді
Қызылордалықтан сексеуіл ағашы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 ақпан күні Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталық көшелерінің бірінде жүк автокөлігін патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан.
Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан кесілген сексеуіл ағашы анықталған. Сексеуіл отынының мөлшерін анықтау мақсатында сот биологиялық сараптама тағайындалып, құжаттар жинақталуда.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.