Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылқоға ауданында дала өрті азаяр емес

Қызылқоға ауданында дала өртінің төртінші оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 14 шілдеде сағат 13:50-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 60 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 5 мың гектар Ойтан, Лұқпан, Қазанқап, Теміршағыл, Айыртау учаскелері жанып жатқаны анықталды.

Атырау облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ жеке құрамынан жеті адам мен бір бірлік техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 29 адам мен 11 бірлік техника күшімен 01:55-те өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД ескертеді! Табиғатты қорғаныңыздар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру