Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рейд жүргізу барысында мас жүргізушісі ұсталды

Түркістан облысының полицейлері рейд жүргізу барысында мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің полицейлері жол қозғалысын реттеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Осы іс-шара аясында, Жетісай ауданы А.Байтұрсынов көшесінің бойында «Volkswagen Golf» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде, тәртіп сақшылары жүргізушінің мас халде болғанын анықтады. Сонымен қатар оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адам көлікті «ауыр дәрежелі» мас күйінде басқарған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілерге абай болу және жол ережесін бұзбау қажеттігін ескертеді. Жылдамдықты асырмаңыз, қарсы жолға шықпаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз және ең бастысы мас күйде рульге отырмаңыз.

Жүргізуші есіңізде болсын: сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі де жол ережелерін сақтауға байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру