Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресей Федерациясының тұрғыны Қазақстан полициясынан көмек сұрады

Ресей Федерациясының тұрғыны Қазақстан полициясынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полициясына Ресей Федерациясының Красноярск қаласының тұрғынынан өтініш түсті. Ер адам 11 жасар ұлының кенеттен жоғалып кеткенін айтып, оның қайда екенін анықтауға көмек сұрады.

Әкесінің айтуынша, 5 ақпан күні баласы әдеттегідей мектепке кеткен, алайда сабақтан кейін үйге оралмаған. Мектептегі жолдастары оның қайда кеткенін білмеген. Баланы іздеу мақсатында полиция тарапынан ауқымды іздестіру шаралары қолға алынды. Барлық аумақтық бөлімшелер мен көрші өңірлерге бағдар жіберілді. Іздестіру нәтижесінде 12 ақпанда баланың анасының Шарбақты ауданындағы туыстарының үйінде екені анықталды.

Тексеру барысында ерлі-зайыптылардың екі жыл бұрын ресми түрде ажырасқаны белгілі болды. Көрші мемлекеттің сот шешімі бойынша баланың тұрғылықты жері ата-анасының екеуіне де теңдей бекітілген. Алайда анасы бұл шешіммен келіспей, ұлын алып, Қазақстандағы ағасына кетуге шешім қабылдаған. Ол бұл туралы бұрынғы күйеуіне ескертпеген.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың табылғаны туралы ақпарат әкесіне жеткізілді. Ал ұлының нақты тұрғылықты жерін анықтау үшін оған азаматтық сотқа жүгіну ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру