Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерлер Ақмола облысында ұсталды
Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерлер Ақмола облысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9-18 наурыз аралығында Ақмола облысының аумағында кең ауқымды «Іздестіру» операциясы жүргізілуде, оның мақсаты – қылмыскерлерді, оның ішінде мемлекетаралық іздестірудегі адамдарды ұстау, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалғандарды анықтау.
Жедел іс-шаралар барысында қылмыскерлердің, оның ішінде ауыр санаттағы, мүліктік сипаттағы, алаяқтық, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар жасаған адамдардың жүрген жері анықталады. Іс-шара аясында криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері Атбасар қаласының аумағында Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228-бабының 1-бөлігімен (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) Шешен Республикасы ІІМ ҚІБ қылмыскер санаты бойынша екі жыл бойы іздеудегі Қазақстан Республикасының 45 жастағы азаматын анықтады.
Сонымен қатар, 10 наурызда Ақмола жедел қызметкерлері РФ Самар облысы Воложский ауданында іздеуде жүрген 35 жастағы қылмыскерді Ақкөл қаласының аумағынан ұстады. Ол РФ ҚК-нің 264-1 бабы (Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, ЖҚЕ бұзу) бойынша іздеуде болған.
Осы уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша іздестіріліп жатқан күдікті анықталды.