Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Республика күніне орай 130-дан астам көлік полицейі марапатталды

Республика күніне орай 130-дан астам көлік полицейі марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанадағы Ұлттық мұражайда көлік полицейлері Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Оған көліктегі полиция департаментінің басшылығы, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Салтанатты іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан Көліктегі ПД бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов: «Республика күні – бұл мереке еліміздің азаттығын айшықтайтын мереке», – деді. Ол сондай-ақ егемендікті нығайтудағы ішкі істер органдарының ерекше рөліне тоқталып, алдағы уақытта да сақшылардың елдегі тұрақтылық пен азаматтардың тыныштығын сақтауға бар күш-жігерлерін салатынына сенім білдірді. Бұдан соң М. Айтуғанов жиналғандарды құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт және қызметте табыс тіледі.

Ұлық мерекеге аранлаған іс-шара барысында М. Айтуғанов полицейлерге мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті. Ішкі істер министрінің және департамент бастығының міндетін атқарушының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 137 қызметкер мен ардагер төсбелгілер, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. Бұған қоса бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді. Солардың қатарында ІІО-да 30 жылға жуық еңбек еткен Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Қошқарбеков те бар. Оған полковник шені табысталды.

Мерекелік іс-шараның соңы ән-күйге ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру