Республика күніне орай елордалық ҚАЖД-да шағын футболдан жарыс өткізілді
Астанада Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тартысты ойынға ҚАЖ комитеті, ҚАЖ департаменті, №2 мекемесі, №3 мекемесі және №64 мекемесі арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Н.Ажиханов ізгі тілегін білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың негізгі мақсаты — ұжымдағы салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Тартысты өткен ойында командалар өзара жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық рух танытты.
Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар мен медальдар табысталды. Бірінші орынды ҚАЖ комитеті иеленді, ал екінші орынға ҚАЖ департаменті ие болса, №64 мекеме үшінші орынды қанжығаға болды.
"Үздік ойыншы" номинациясымен ҚАЖ департаментінің Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы А.Ахмедов және "Үздік шабуылшы" номинациясымен ҚАЖ комитетінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бас маманы А.Исмагулов марапатталды.
Спорттық іс-шаралар қызметкерлердің белсенділігін арттырып, ұжымның бірлігін күшейтеді және мерекенің мән-маңызын айшықтай түседі.