Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Республика күніне орай полиция қызметкерлері марапатталды

Республика күніне орай еліміздің барлық өңіріндегі полиция департаменттерінде салтанатты іс-шаралар өтті. Шара барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қызметке адалдығы мен кәсібилігі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен және төсбелгілермен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті. Департамент басшылығы, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері жиналды. Айтулы мерекеге орай және қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғандары үшін 120 көлік полицейі мен ішкі істер органдарының ардагерлері ҚР ІІМ мен көліктегі ПД-ның ведомстволық медальдарымен, төсбелгілерімен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Қарағанды облысы полиция департаментінде де Республика күніне орай ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерін марапаттау салтанаты өтті. Іс-шара полиция департаментінде ұйымдастырылып, өз міндетін адал атқарып, кәсіби біліктілігі мен ерлігімен ерекшеленген қызметкерлердің еңбегі лайықты бағаланды.

Мереке қарсаңында барлығы 253 полиция қызметкері марапатталды. 2 қызметкер – жоғары мемлекеттік наградалармен, 41 қызметкер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен, 205 қызметкер - Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен марапатталды.

Сонымен қатар полиция қызметінің дамуына үлес қосқан 30 ішкі істер органдарының ардагеріне алғыс хаттар табыс етілді. Ал құқық қорғау саласында абыройлы қызмет етіп жүрген ұл-қыздарын тәрбиелегені үшін 50 қызметкердің ата-анасына департамент бастығының атынан алғыс білдірілді.

Ал Жетісу облысында Республика күніне арналған салтанатты сап түзеу өтті. Іс-шара барысында жас қызметкерлер ант қабылдап, құқық қорғау саласындағы жауапты да абыройлы жолдарын бастады. Ардагерлер мен офицерлер жас әріптестерін салтанатты сәтпен құттықтап, қызметте табыс пен елге адалдық тіледі. Салтанатты жиын жеке құрамның саптық шеруімен аяқталып, бұл көрініс тәртіп пен бірліктің, қызметке адалдықтың нышаны болды.

Жетісуда салтанатты сап түзеу өтсе, Павлодар облысының полиция департаментінде Республика күні қарсаңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Шара барысында өңірдегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар Берік Истаевқа, Максим Кустановқа Серік  Мүскеновке, Манарбек Ногаевқа, Саят Шакамановқа, Еркін Папановқа бір саты жоғары атағы берілді.

"Құқық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен Махамбет Оразбаев, Қуантай Нұрахметов, Рустам Иманбаев, Азиз Сапарбек және Игорь Солатенко марапатталды.

"Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі Медет Мұсабековке, Әміржан Жандарбековке, Қайыржан Әлкеновке және Динара Кабиденоваға табысталды.

ІІМ Құрмет грамотасымен Данияр Камзин, Анара Қандыбаева, Андрей Функ және Жанна Сқақбаева марапатталды.
ІІМ Алғыс хатымен Бауыржан Уәлиғазынов, Әмір Садвакасов, Әлібек Оразбек, Ернар Ерболатов және Қуандық Шақтаев марапатталды.

Сонымен қатар 6 қызметкерге алғыс жарияланды.

Жас буынды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін департамент бастығының бұйрығымен Павлодар облысының полиция және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев пен Екібастұз қалалық полиция басқармасының ардагерлер кеңесінің төрайымы Бибігүл Исаева бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Төтенше жағдай кезінде тұрғындарды өрттен аман алып қалғаны үшін Ермұрат Тәжіғали мен Абзал Тоқтасыновқа сыйлықтар табыс етілді.

Ақмола облысы полиция департаментінде де мереке атап өтіліп, үздік қызметкерлер марапатталды.

Салтанатты шара барысында 6 полиция қызметкеріне мерзімінен бұрын арнаулы атақтар берілді, ал 5 қызметкерге атқарып жүрген лауазымынан бір саты жоғары құрметті атақтар табысталды. 2 қызметкер "Үздік қызметкер" төсбелгісімен, тағы екеуі ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар бес қызметкерге полиция генерал-майорының қолынан алғыс хат табыс етілді.

Полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев әріптестерін мерекемен құттықтап, 8 полиция ардагеріне жас қызметкерлерді тәрбиелеуге және ішкі істер органдарының ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар тапсырды.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жоғары кәсібилігі мен тәртібі үшін 5 қызметкер полиция департаментінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Ақмола облысындағы 5510 әскери бөлімінің 6 әскери қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.

Қостанай облысы полиция департаментінде де Республика күніне мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мереке аясында қызметтік міндетін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды.

"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен Қостанай қалалық полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Жақсылық Серменов және патрульдік полиция ротасының инспекторы Азамат Бикназаров марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алғыс хатына жедел-криминалистикалық басқарманың криминалисі Нұрдаулет Аманбеков ие болды.

"Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері" төсбелгісі ішкі істер органдарының ардагерлері Есмұрза Мұсағұлов пен Қажғали Нұрпайысовқа табысталды.

Қостанай облысы полиция департаментінің алғыс хаттарымен ішкі істер органдарының ардагерлері Михаил Даиров, Валентин Лемих, Владимир Воронцов және Балтабай Бектемісов марапатталды.

Сондай-ақ мерзімінен бұрын берілген арнаулы атақтар иегерлері де бар. Полиция полковнигі атағы – күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Қайрат Шакуповқа, Полиция подполковнигі атағы – штаб басқармасы бөлімінің бастығы Гүлзат Мұстафинаға берілді.

Сонымен қатар Қостанай қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Талғат Аулабаев полиция майоры атағын алды.

Қызылорда облысы полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтіп, қызметкерлер мен ардагерлер марапатталды.

Дәстүрге сай, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен мерзімінен бұрын арнаулы атақтар беріліп, төсбелгілер, грамоталар және алғыс хаттар табыс етілді.

Министрдің бұйрығымен 25 қызметкер, ал департамент бастығының бұйрығымен 232 қызметкер түрлі марапаттарға ие болды.

Салтанатты шара барысында ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагерлерге де алғыс хаттар табыс етілді. Өз кезегінде департамент полициясы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амирбек Бердібекұлы Шаймағанбетов ардагерлерге көрсетілген құрмет пен қолдау үшін департамент басшылығына ризашылығын білдірді.

Ұлытау облысының полиция департаменті де қалыс қалған жоқ. Республика күні қарсаңында салтанатты жиын өтті.

Мерекелік жиын барысында қызметіне адалдық танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде үздік нәтиже көрсеткен 100 ге жуық полиция қызметкерлері марапатталды.

Ақтөбе облысында да полицейлері Республика күнін  атап өтті.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері егемен ел тарихындағы айтулы мереке – Қазақстан Республикасы күнін атап өтті.

Департамент басшысы Абай Жусупов мереке құрметіне  орай, қызметін абыройлы атқарған тәртіп сақшыларын төсбелгілермен, медальдармен, грамоталармен марапаттап,  ІІМ бұйрығымен бірнеше қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар табыстады. Өзінің білімі мен тәжірибесін жас қызметкерлермен бөлісіп жүрген үш аға буын ардагер марапатталды.

Бүгін Маңғыстау облысы полиция департаментінде қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер Республика күні мерекесіне орай марапатталды.

Полиция қызметкерлеріне мерзімінен бұрын және лауазымдық өсуге байланысты арнайы атақтар берілді, сондай-ақ ІІМ медальдары, төсбелгілер, грамоталар және алғыс хаттар табысталды. Жалпы саны 50-ден астам полиция қызметкері түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды.

Мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті де салтанатты жиын өткізді.

Департамент бастығы Арман Оразалиев да қызметкерлер мен ардагерлерді мерекемен құттықтап, абыроймен еңбек етіп жүрген әріптестеріне алғысын білдірді.

Салтанатты рәсім барысында бірқатар қызметкерлер қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және жоғары кәсібилігі үшін ведомстволық медальдармен,  грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру