Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Режим бұзғандар айыппұл төледі

Түркістан қаласында төтенше жағдай режимін бұзған 10 тұлға анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 16 наурыз бен 15 сәуір күндері аралығында елімізде төтенше жағдай жариялады.

Осыған сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Мәселен, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күні-түні рейдтік жұмыстар жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Соның нәтижесінде қалалық полицейлері төтенше жағдай режимін бұзған 10 тұлғаны анықтап, оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, қала орталығында төтенше жағдайға қарамастан заңсыз жұмыс жасап тұрған бір компьютер клубы, бес кафе-ресторан мен бір кіші футбол алаңы анықталды. Кафелердің біріне құдалық, туған күн жасаған азаматтар да жауапқа тартылды. Одан бөлек, тұрғын-үйінің ауласында той жасаған тұрғынға да шара колданылды.

Айта кетсек, соттың шешімімен әрбір тұрғынға айыппұл салынған.

Түркістан қалалық полицейлері төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше денсаулығымызға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтаныңыздар деп ескертеді. Адамдар көп шоғырланатын орындарға бармаңыздар, той-томалақ ұйымдастырмаңыздар деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру