Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер көшелерінің бірінде белгісіз біреу тұрғынның барлық алтын бұйымдарын шешіп алды

Риддер көшелерінің бірінде азаматтың барлық алтын бұйымдарын шешіп алған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 қазанында Риддер қ. ПБ кезекші бөліміне қаланың 38 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Ол 2021 жылдың 23 қазанында сағат 15.00 шамасында Риддер қ. көшелерінің бірінде тұрған белгісіз біреу оның алтын кресті бар алтын алқасын және қызыл тасты алтын ерлер сақинасын шешіп алғаны туралы өтініш түсті. Келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру