Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер қаласының тұрғыны жайылымнан мал ұрлаған

Риддер қаласының тұрғыны жайылымнан мал ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында Риддер қ. ПБ кезекші бөліміне 38 жастағы жергілікті тұрғыннан 2021 жылдың 19 қазанынан бастап оның бір жасар бұқасы жайылымнан оралмағаны туралы арыз келіп түсті. Осы күннен бастап мал иесі жоғалған малды өз бетінше іздеумен айналысып, алайда іздеу нәтиже бергене соң, полицияға жүгінген.
Дереу арыз қабылданып, оқиға орнына криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлері жоғалған бұқаны соңғы рет көрген кентті тексеруді ұйымдастырған.

Екі сағат бойы “ізін суытпай” күдікті анықталды, ол 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Іздестіру шараларын жүргізу кезінде ер адамның үйінен алыс емес жерден сойылған жануардың терісі табылып, тәркіленді.

Тінту барысында қаскүнемнің қорасынан малдың тұяғы мен оның осы қылмысқа қатыстылығын көрсететін басқа да заттай дәлелдемелер табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру