Риддерде ер адам ойын автоматының терминалынан ақша ұрлап кетті
Риддерде ер адам ойын автоматының терминалынан ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуір айының соңында Риддер қаласы ПБ-ға ұрлық фактісі туралы хабарлаған 34 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Ер адамның айтуынша, түскі уақытта белгісіз адамдар қаладағы кафелердің бірінде орналасқан ойын автоматтарының терминалын бұзып ашып, терминалда жатқан 330 мың теңгені жымқырып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қаскөйден жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындап, терминалды кілттерді таңдап алу жолымен ашқанын айтқан.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.