Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддерде орманда от жаққан екі мас тұрғын жауапқа тартылды

Риддерде полицейлер орман өртінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жергілікті тұрғынның орын алуы мүмкін ауыр зардаптар туралы ойланбастан, салғырттық таныту салдарынан 30-дан астам үй өртенген Риддерде орын алған алапат өрттен бері бірнеше ай өтті.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында орман алқабына жақын жерді патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері орман алқабы жағынан күйік иісін мен түтінді байқаған. Белгілі болғандай, екі жергілікті тұрғын мас күйлерінде от жағып, оттың таралуына қауіп төндірді. Жалындаған от шырша мен қарағайдың бұтақтарын шарпып, от ұшқыны жапырақ пен шөпке ұшып, кез-келген сәтте өрт басталуы мүмкін еді.

– Орман өртінің пайда болу қаупін полицейлер өз күштерімен жойды, ал спирттік ішімдіктерді ішкен және от жаққан адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне полиция қызметкерлерінің орман алқаптарында болуы мүмкін өртті дер кезінде сөндіргені үшін Риддер қаласының тұрғындарынан алғыс түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру