Риддерде жедел басқару орталығы жұмысын бастады
Риддерде жедел басқару орталығы жұмысын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты ашылу рәсімін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков өткізді.
Жаңа нысан қаланың ең маңызды аймақтарындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін 120 көше бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Сондай-ақ жол қауіпсіздігін жақсарту үшін 10 стационарлық жылдамдық өлшегіштер орнатылған. Пилоттық жоба шеңберінде «Ekin Patrol G2» ЖҚЕ бұзушылықтарды тіркеудің мобильді кешендерін пайдалану көзделген.
Мұндай орталықты құру құқық қорғау органдарының жұмысына заманауи технологияларды енгізу үшін маңызды қадам. Оның қызметі құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және алдын алуға бағытталған, бұл қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға септігін тигізеді.
– Бұл бастама Риддер қаласындағы жағдайды бақылауға және Заң мен тәртіпті нығайтуға негіз болады. Жаңа технологиялардың арқасында біз заң бұзушылықтарды жазып қана қоймай, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасай отырып, олардың алдын аламыз, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Риддер қаласы полициясының жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында ол жедел жұмысты жақсартуға бағытталған бірқатар нақты нұсқаулар беріп, сондай-ақ қызметте ерекшеленген қызметкерлердің еңбегін атап өтті. Төрт полицей жоғары кәсібилігі мен адалдығы үшін ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан медальдармен марапатталды.
Тәртіп сақшылары Риддерде ЖБО-ның ашылуы заң мен тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған полиция инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңі екеніне сенімді.