Информационный медиа-портал POLISIA.KZ

Вопрос/Ответ

Сұрақ: Менің ажырасып келіп отырған қызым бар еді. Есімі-Әділбекова Мейіржан Ақылбекқызы 1992 жылы туған. Заң жүзінде 2017 жылы наурыз айында ажырасты, 3 баласы бар. Күйенің айлығының 50 пайызы алиментке өту керек. Бірақ бұрынғы күйеу баламыз Тұрғаналиев Арыстанбек Мирзабекұлы (1990 жылы туған) бір жылға дейін алимент төлемейтіндердің қатарына енген жоқ. 2018 жылы облыстық ПД-ға барып алимент төлемейтіндердің қатарына қостық. Арызды «Ержігіт» деген қызметкер қабылдады. Бұған дейін жеке сот орындаушы Мырзабаев Берік бір жылға дейін алимент төлемеушілердің қатарына енгізген жоқ. 2020 жылы қаңтарда оны әкелік құқықтан айыру үшін сотқа шағымдандық, отказ болды. Себебі ҚР ҚК-нің 139-бабына тартылмаған екен. Ал біздің адвокат ҚР ҚК-нің 139-бабымен жауапқа тарту үшін шағымданған болатын. Қордайдың аудандық полициясынан «Мадияр» деген майор звондады. «Негіз жоқ» - деп іс қайтарылды. Оның қазіргі қарызы 2 млн асып кетті. Прокуратураға да шағымдандық, онда арызды Ұлан Әбдішүкір қабылдады. Тұрғаналиев Арыстанбек балаларың сұрамайды, көмектеспейді, туған күндеріне келмейді. Осы ретте, оны жауапкершілікке тартып, алиментті өндіріп беруіңізді сұраймыз. Арызданушы - Шауенова Ж.

Жауап: А.М. Тұрғаналиевке қатысты Сіздің арызыңыз бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданының полиция бөлімінде ҚК-нің 139-бабы (балаларды күтіп-баптауға қаражатты төлеуі бойынша міндеттерді орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жамбыл облысы Полиция департаментіне (бұдан әрі мәтін бойынша – ПД) Сіздің уәждеріңізді ескере отырып, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Тергеу нәтижелері және қабылданған процестік шешімдер туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы орган Сізге заңмен белгіленген тәртіпте хабарланатын болады.
Қылмыстық істің барысында туындаған мәселелер бойынша Жамбыл облысы ПД бастығы Ж.Қ. Сүлейменовке 87262-99-70-06 телефоны бойынша немесе оның тергеу бойынша орынбасары Т.А. Оразымбетовке 87262-99-70-03 телефоны бойынша жеке қабылдауына жазылуыңызға болады.