Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда ондаған адамның өміріне қауіп төндірген мас жүргізуші ұсталды

Рудныйда ондаған адамның өміріне қауіп төндірген мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері Рудный қаласында жүк көлігін басқарған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасап, жолдағы барлық қатысушыларға қауіп төндірген КамАЗ көлігін тоқтатты. 32 жастағы ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан, сөйлеген сөзі түсініксіз, қозғалыс барысында реакциясы баяу болған.

Медициналық куәландыру оның ауыр дәрежеде масаң күйде болғанын растады. Іс жүзінде ол жағдайды толық бақылаудан шығарып, аса қауіп төндіретін көлікті басқарған. Заңға сәйкес, құқық бұзушы қатаң жазаға тартылады. 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. КамАЗ көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция масаң күйде көлік жүргізу — адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Жауапсыздықтың салдарын тек жүргізушілер ғана емес, басқа да бейбіт адамдар да тартуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру