Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне есірткіге қарсы іс-шара өткізді

Рудныйда полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне есірткіге қарсы іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасында жазғы демалысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өткізеді.

Айта кетейік, лагерьде балалар үйінің 170 тәрбиеленушісі демалады. Оларға ойын-сауық және нұсқау бағдарламасымен Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері келді. Іс-шараны қостанайлық кәсіпкер Диана Суентаева қолдады.

Полицейлер балаларға есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ойын түрінде түсіндірді. Олар тәрбиешілерге не нәрсеге назар аудару керектігін айтты.

– Жастарды қылмысқа тартудың негізгі әдісі – интернеттегі жарнама. Олар тез және оңай ақша табуға, курьер жұмысын ұсынуға уәде бере алады. Іс жүзінде есірткіні тарату тапсырылады. Телефонда жергілікті жердің фотосуреттерінің болуы, электрондық әмияндарды пайдалану, үшінші тұлғалардың банк карталарының фотосуреттері, осының бәрі күмән тудыруға тиіс, – деді ПД  ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгүл Ераділова. 

Қонақтар лагерьге құр қол келмеді. Жергілікті кәсіпкер балаларға тәтті сыйлар таратты. 

– Мен мұндай акцияға бірінші рет қатысып отырмын. Мен тек жағымды әсер алдым. Көздері мөлдіреген балалар құшақтасу үшін жүгіріп келгенде, мен үшін бұл ерекше сәттердің бірі. Мен әр баланы қолдағым келеді, өйткені өмірлік жағдайларға қарамастан, балалық шақ барлық адамдар үшін өмірдің ең бақытты кезеңі болуы керек, – деп бөлісті Диана Суентаева.

Алғыс ретінде балалар мен тәлімгерлер қонақтардың алдында музыкалық нөмірлері мен билері ұсынылған концерт қойды. Бір сөзбен айтқанда, мерекелік іс-шара жоспарға сай өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру