Рудныйда полицейлер өртенген мотоциклді сөндірді
Рудныйда полицейлер өртенген мотоциклді сөндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ленин көшесінде патрульдеу кезінде ЖҚАЖ қызметкерлері жанып жатқан мотоциклді байқады.
ЖҚАЖ инспекторлары Ерболат Маусымбаев, Мақсат Бемолдинов пен Владислав Чернявский дереу өртті сөндіруге кірісті.
Алдымен олар жалынды сөндіргішпен ауыздықтауға тырысты, содан кейін суды қолданды. Жанынан өтіп бара жатқан рудныйлық тұрғын да бей-жай қарамай полицейлерге көмектесті.
Абырой болғанда өрт ауыздықталып, ешкім зардап шеккен жоқ.
Жүргізуші мен жолаушы өшіп қалған көлікті итеру арқылы іске қоспақ болған. Мотоцикл өртенген кезде, олар оны жол жиегіне қойып, қауіпсіз жерге кеткен.
Қостанай облысының ПД полицейлердің барлық қызметтік көліктері төтенше жағдайларда әрекет ету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталғанын атап өтті.