Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда полиция қызметкері кішкентай баланың өмірін құтқарып қалды

Рудныйда полиция қызметкері кішкентай баланың өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездейсоқ болған жағдай Рудный қаласында кішкентай баланың өмірін қия жаздады. Полиция қызметкері Әділ Қадірбековтің жедел әрекеті сәбидің өмірін құтқаруға көмектесті.

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкері пәтерлерді тексеріп шықты. Аралау барысында бесінші қабаттан түсіп бара жатып, ол көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген. Содан тәртіп сақшысы бірден төмен қарай жүгірді.

– Мен оқиға орнына келгенде балалы әйелді көрдім. Әбден уайымға батқан ана баланың тыныс алмай жатқанын айтты. Айқайлаған дауыстан барлық көрші пәтерлерінен сыртқа шықты. Мен жедел жәрдемге қоңырау шалдым, бір күн бұрын нәресте орындықтан құлап кеткені белгілі болды, – деді полиция қызметкері.

Телефон арқылы дәрігерлер дереу әрекет ету керек деді. Жедел жәрдем кезекші дәрігерінің телефон арқылы берген хабарламаларын басшылыққа ала отырып, Әділ Қадырбеков реанимация жұмыстарын бастады.

Көрсетілген көмектің арқасында бала көзін ашып, тыныс ала бастады. Кейін ол жылы көрпеге жатқызылды. Келген дәрігерлер полицейдің іс-әрекетінің дұрыстығын растады. 

Баланың ата-анасы қызметкерге алғысын білдірді.

– Біздің ұлымыз – 1,5 жаста. Көрсетілген көмектің арқасында ұлым есін жиып, алғашқы демін алды. Көп рақмет, – деді баланың әкесі.

Енді нәресте өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер тексеру жүргізді, баланың жағдайы тұрақты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру