Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда полиция қызметкерлері ақпараттық-имидждік жұмысқа қосқан үлесі үшін марапатталды

Рудныйда полиция қызметкерлері ақпараттық-имидждік жұмысқа қосқан үлесі үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Рудный қаласында «Жастардың алтын кітабы – 2021» лауреаттары марапатталды. Кітап жаңа беттерінің кейіпкерлерін салтанатты таныстыру рәсімі Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергеновтың қатысуымен өтті. Олардың арасында Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкері Динара Исмухамбетова да бар. Ол «БАҚ және интернеттегі жетістіктер» номинациясында жеңімпаз атанды.

Динара Исмухамбетова Рудный қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінде жедел уәкіл болып қызмет етеді, бұрындары қоғаммен байланыс жұмыстарына жауап беріп, әлеуметтік желілерде полицияның имидждік жұмысын белсенді жүргізген болатын.

– Небәрі 2 жылдың ішінде біз Рудный Полиция басқармасының ресми парақшасының қамтылуы және танымалдылығын арттырдық. Әлеуметтік желілерде полиция қызметін алға жылжытудың негізгі мақсаты – полиция қызметкерінің имиджін, оң имиджін қалыптастыру, азаматтарға, БАҚ-қа ашық болу және өзара іс-қимыл жасау. Есімімнің қаламыздың тарихына жазылғанына қуаныштымын, мақтан тұтамын, – деп өз әсерімен бөлісті Динара Исмухамбетова.

Сондай-ақ, қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысқаны үшін Әулиекөл ауданының полиция бөлімінің инспекторы Әйгерім Байбусинова аудан әкімінің дипломымен марапатталды.

Әйгерім Байбусинова бірнеше жылдан бері ауданның ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының инспекторы болып қызмет етіп келеді. Мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысып, облыстық және республикалық басылымдарда полиция бөлімінің қызметін жариялайды. Сонымен қатар, ол Әулиекөл ауданының ПБ базасында ашылған «Бүркіт» әскери-патриоттық жасағының басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру