Рудныйда ССКӨБ ірі кәсіпорынның қызметкерлері интернет алаяқтықтың құрбаны болды
Рудныйда ССКӨБ ірі кәсіпорынның қызметкерлері интернет алаяқтықтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеншілер қаласында тек соңғы айда 30-дан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Қылмыскерлер 60 млн теңгені иемденгені белгілі болды. Жергілікті тұрғындардан басқа Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің қызметкерлері алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Осылайша осы кәсіпорынның 34 қызметкері алаяқтардан зардап шекті.
Рудныйлықтар алаяқтардың құрбаны болып, белгісіз шоттарға қомақты қаражат аударған. Олар жинаған ақшаларын жоғалтып қана қоймай, зардап шегушілердің атына алаяқтар несие рәсімдеген.
Мұндай статистика үлкен профилактикалық жұмыстың қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты Қостанай облысының полицейлері көшпелі дөңгелек үстел өткізіп, жалпы шешім жолдарын іздестірді.
Сонымен қатар полицейлер жаңа технологиялардың көмегімен ақша аударымдарын бұғаттап келеді. Бірақ, өкінішке орай, алаяқтарды ұстау әркез мүмкін болмайды. Себебі олар негізінен басқа мемлекеттердің аумағында жұмыс істейді. Бұған алдын-алу шаралары да үлкен рөл атқарады. Осы негізде Қостанайда азаматтардың қырағылығының арқасында интернет алаяқтық деңгейі 30%-ға төмендеді.
– Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың дамуымен интернет-алаяқтық фактілері санының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы Рудный қаласында алаяқтық фактілерінің 75.9%-ға өсуі байқалды. Жалпы залал 400 млн теңгеден асты, – деді Рудный қаласының прокуроры Акбар Әбділдин.
Сондай-ақ прокуратура мен полиция тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.
– Біз қылмыстарды ашу және алаяқтарды ұстау үшін жедел шаралар қабылдап, тиісті жұмыстарды жандандырып жатырмыз. Зардап шеккендерге алаяқтар ұялы телефон арқылы хабарласып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады. Адамдардың сенімдеріне кіріп жеке деректерін алып алады. Қарапайым азаматтар қиындыққа тап болмас үшін пәрменді шаралар қажет, – деді Рудный қаласы полиция басқармасының бастығы Болат Иманов.
Кеңес қорытындысы бойынша полицейлер «ССКӨБ» АҚ ұжымдарымен алаяқтардың құрбаны болмау туралы профилактикалық кездесулер ұйымдастырылды деген шешім қабылданды.